Отырар ауданында 5 мың басқа арналған бордақылау кешені салынуда

 

Түркістан облысында ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасына сәйкес, аграрлық секторды қолдау және мал шаруашылығын дамыту жұмыстары күшейтілуде. Осы мақсатта Отырар ауданының Ақтөбе ауылында ірі бордақылау алаңының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Жоба жеке кәсіпкер Мұрат Нұрғалидің бастамасымен іске асуда. Жоспарға сәйкес, кешен толық іске қосылған кезде мұнда 5 мың бас ірі қара бордақыланатын болады. Сонымен қатар нысан заманауи америкалық технологиямен жабдықталып, мал бордақылау үдерісінің тиімділігін арттыру көзделген.

Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін шамамен 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Бұл ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді. Жоба өңірдегі ет өндірісін ұлғайтып, ауыл шаруашылығы саласының дамуына серпін береді деп күтілуде.

Құрылыс жұмыстарының барысымен танысу үшін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы нысан басына барып, атқарылып жатқан жұмыстарды көрді. Аудан басшысы мұндай инвестициялық жобалар өңір экономикасын дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Оның айтуынша, жаңа бордақылау алаңы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттырып қана қоймай, жергілікті кәсіпкерліктің дамуына да оң әсер етеді. Сонымен қатар аудан әкімдігі кәсіпкерлердің бастамаларына қолдау көрсетуге әрдайым дайын екенін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

САЙРАМДЫҚ БОКСШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Redaktor Arysinfo

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді көпір

Redaktor Arysinfo

Түркістанда мұғалімдерге арналған жасанды интеллектті қолдану жобасы таныстырылды

berdaly_oraz