ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ҮШ БИ БАСТАҒАН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Жетісай ауданында республикалық референдумға тұрғындармен қатар, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бейнесі сомдалған тарихи кейіпкерлер де қатысып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.

Атап айтқанда, «Жеті жарғы» заңын енгізіп, қазақ тарихында әділетті билігімен мемлекеттілікті нығайтқан Тәуке хан мен қазақтың айбынды ханы Абылай хан, ел бірлігі мен әділдіктің символына айналған үш би – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би бейнесіндегі Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының әртістері референдум учаскесіне арнайы келіп, өз таңдауларын жасады.

Бұл бастама – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, халықты ел тағдырына бей-жай қарамауға шақыратын тағылымды шара болды. Көпшілік үшін бұл көрініс ел тарихына тағзым жасап, ұлт болашағына деген жауапкершілікті терең сезінудің айқын белгісіндей әсер қалдырды.

Айта кетейік, аудан көлемінде 75 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Олардың барлығында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттың қазақ күресі, қол күресі, үстел теннисі, волейбол, тоғызқұмалақ, кіші футбол секілді түрлерінен тұрғындар арасында жарыстар ұйымдастырылуда.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының әкімі ҰОС ардагерін арнайы барып құттықтады

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКСПОРТҚА БАҒЫТТАЛҒАН ӨНДІРІС КЕҢЕЮДЕ: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ОРДАБАСЫДАҒЫ ІРІ ЖОБАЛАРДЫ КӨРДІ

berdaly_oraz

Түркістан облысында 4 қаржы пирамидасының жұмысы тоқтатылды

berdaly_oraz