ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚАЗЫҒҰРТТА РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНДЕ “ШЕБЕРЛЕР БҰРЫШЫ” ҚҰРЫЛДЫ

Қазығұрт ауданына қарасты Сабыр Рақымов ауылдық округіндегі №274 референдум учаскесінде тұрғындар үшін арнайы «Шеберлер бұрышы» және «Елімізге тілегім» атты тілек тақтасы ұйымдастырылды.

Аталған бұрышта ауылдың қолөнерге жақын шебер азаматтарының түрлі бұйымдары қойылып, келушілер ұлттық қолөнер туындыларымен танысуға мүмкіндік алды. Ал «Елімізге тілегім» атты арнайы тақтада тұрғындар еліміздің болашағына қатысты ақ тілектерін жазып қалдырды.

Мұндай игі бастамалар референдум учаскесіне келген тұрғындардың көңіл-күйін көтеріп қана қоймай, елге деген сүйіспеншілік пен бірлік сезімін арттыра түсті. Сонымен қатар, аталған шаралар азаматтардың белсенділігін арттырып, қоғамдық өмірге деген қызығушылығын нығайтуға өз үлесін қосты.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖЕТІСАЙДА БОЛҒАН ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒАДАН КЕЙІН ОҚИҒА ОРНЫНА БАРЫП, ЖҰРТҚА КӨҢІЛ АЙТТЫ

berdaly_oraz

Алатау қаласының дамуы мен жерді қорғауға бағытталған маңызды заңдар қабылданды

Redaktor Arysinfo

Арыстың жас волейболшылары Республикалық жарыстың жүлдегері атанды