ҚАЗЫҒҰРТ: “ТАЗА СУ” МЕКЕМЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

 

 

Қазығұрт ауылындағы №285 референдум учаскесіне “Таза су” мекемесінің қызметкерлері арнайы келіп, өз таңдауларын жасады. Олар ел болашағына бейжай қарамай, маңызды саяси науқанға белсенді түрде қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдірді.

 

Референдум учаскесінде дауыс беру процесі заң талаптарына сай ұйымдастырылып, сайлаушыларға барлық қажетті жағдай жасалған. “Таза су” мекемесінің ұжымы да бұл маңызды күнде бір кісідей келіп, ел ертеңі үшін өз дауыстарын берді.

 

Мұндай белсенділік тұрғындардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, қоғамдағы бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Қарсыбай Ақтаевты еске алуға арналған облыстық термешілер байқауы өтті

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

berdaly_oraz