Түркістанда 1000 МВт электр стансасы жобасы қалай іске асып жатыр

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Түркістан облысына жұмыс сапары барысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы негізінде салынып жатқан электр стансасының құрылысымен танысты. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда және ұлттық электр желісінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Сайрам ауданында өткен жұмыс барысында өңір әкімі Нұралхан Көшеров пен Үкімет басшысы елдегі ең ірі газ электр стансасының құрылыс барысын қарады. Жоба аясында 4 газ турбинасы, 4 кәдеге жарату қазандығы және 2 бу турбинасы орнатылмақ.

Қолданылып жатқан бу-газ технологиясы энергия өндіруде жоғары тиімділік көрсетіп, пайдаланылған жылуды қайта өңдеу арқылы қосымша электр қуатын алуға мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша, бұл – қазіргі жылу энергетикасындағы ең тиімді әрі экологиялық таза шешімдердің бірі.

Премьер-министр жаңа қуат көздерін іске қосу экономиканың тұрақты дамуы үшін маңызды екенін атап өтті. Оның сөзінше, Түркістан облысы қарқынды дамып келе жатқан өңір болғандықтан, мұндай жобалар аймақтың индустриялық және аграрлық әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

Жобаның операторы – Самұрық-Қазына қорының еншілес ұйымы. Басқарма төрағасы Ұлан Бүркітовтің мәліметінше, нысанды 2026 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланған. Қазіргі таңда негізгі құрылыс жұмы

Ұқсас жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТА СУ ЖАҒАЛАУЛАРЫН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

berdaly_oraz

ЖАСЫЛ МЕКТЕП – ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН БІРЕГЕЙ ЖОБА

Redaktor Arysinfo

Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді