ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШТЕРІ ЗАҢ НЕГІЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ

 

Түркістан облысында азаматтардың өтініштері кезең-кезеңімен шешілуде. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев кезекті жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Ол барлық мәселенің тек заң талаптары шеңберінде қаралатынын атап өтті.

Қабылдауда азаматтар спорт, мәдениет және ономастика салаларына қатысты сұрақтар көтерді. Сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің қызметіне байланысты пікірлер айтылды.

Ертай Алтаев жауапты мамандарға өтініштерді жан-жақты зерттеп, заңға сай шешу туралы тапсырма берді. Әр мәселе құқықтық нормаларға сәйкес қаралатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

САЙРАМ СПОРТШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

berdaly_oraz

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

TITF–2025: Халықаралық форумда Түркістанның туристік кластерін жаһандық деңгейге шығару талқыланды

berdaly_oraz