Арыс өңірінде су жүйелері кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов жұмыс сапарымен Арыс қаласына барып, өңірдегі су қоймалары мен ирригациялық инфрақұрылымның жағдайымен танысты. Сапар барысында қала әкімі Қайсар Маңқараев атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жобалар жөнінде баяндады.

Министр «Көксарай» су реттегіш нысанын аралап, оның техникалық жай-күйін көрді. Кездесу барысында су жүйелерін жаңғырту, жаңа инфрақұрылым салу және қолданыстағы желілерді жөндеу мәселелері талқыланды. Нұржігітов ағын суды тиімді пайдалану мен үнемдеу технологияларын енгізу қажеттігін атап өтті.

Қала аумағында ирригациялық каналдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда. Биыл бес негізгі канал жаңартылып, оларды бетондау және лотоктар орнату жоспарланған. Жалпы ұзындығы 25 шақырым болатын негізгі арналар мен 100 шақырымнан асатын тармақтарды жаңарту жобасы 2027 жылға дейін кезең-кезеңімен іске асады. Жоба Ислам даму банкі қаржысы есебінен жүзеге асырылуда.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста “Жасыл толқын” бастамасымен экологиялық сенбілік өтті

berdaly_oraz

Арыс қаласында мектепке апарар жол қауіпсіз болды

berdaly_oraz

«Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр