ЖЕЗҚАЗҒАННЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ЕРЛЕДІ

Таңғы сағат 06:24 шамасында кезекші бөлімге Бейбітшілік көшесіндегі үйлердің бірінің пәтерінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына патрульдік полиция ротасының инспекторлары, жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері және жедел-тергеу тобы шұғыл жетті.

Көпқабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабаттарын қою түтін басқанын байқаған полиция қызметкерлері дереу эвакуациялық шараларды ұйымдастырды. Тәртіп сақшылары пәтерлерді тексеру барысында ес-түссіз жатқан азаматты анықтады. Құтқарылған азамат дәрігерлерге тапсырылды. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағаштық мектеп директоры Әсел Арапова «Болашақ» стипендиясын жеңіп алды

berdaly_oraz

Түркістан облысында футболды дамыту мәселелері талқыланды

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Redaktor Arysinfo