ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР ТҮРКІСТАНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖОБАЛАРЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек  шетелдік инвесторлармен Түркестан төрінде  кездесті. Келелі бас қосуда Түркістан қаласының шығыс айналма жолының құрылыс жобасын жүзеге асыру мәселесі айтылып аталған жобаларды қаржыландыру жайы сөз болды

Қанат Қайыпбектің айтуынша, жобаны іске асыруға бірнеше компания ниет білдірген және қолдауға дайынбыз дейді. 

Бүгінде Түркістан қаласының аумағынан өтетін М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолына балама жол ретінде Түркістан қаласының шығыс айналма жолын салу жоспарлануда. Жолдың ұзындығы 30 шақырымды құрайды. Бүгінде жобаны іске асыру үшін ЖСҚ дайындалуда. Жобаны мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы қаржыландырып, іске асыру көзделген.

Бұл жоба – өңірдің көлік инфрақұрылымын дамыту, жол-көлік жүктемесін азайту және қаладағы транзиттік ағынды реттеу бағытындағы маңызды бастамалардың бірі.

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕКІНШІ АЭС-тің АТЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА КӨГАЛДАНДЫРУДЫҢ ӨҢІРДЕ БАЛАМАСЫ ЖОҚ ӘДІСІ ЕНГІЗІЛДІ

Redaktor Arysinfo

Астанада жоғалғанына 1 апта болған 20 жастағы студент өлi күйде табылды

berdaly_oraz