Арыстық оқушы Американың білім кеңістігін бағындырды

“№8 В. Комаров атындағы жалпы білім беретін мектеп” білім ордасының мақтанышы, 10-сынып оқушысы Мусирхан Жұмахан Асқарұлымен мотивациялық кездесу ұйымдастырылды. Жұмахан биыл АҚШ Мемлекеттік департаментінің қолдауымен жүзеге асатын беделді халықаралық FLEX (Future Leaders Exchange) бағдарламасының финалисі атанды.

Кездесуге мектеп директоры Ж. Г. Кайбалдиева, Жұмаханның анасы, сынып жетекшісі және 8-10 сынып оқушылары қатысты.

Кездесу барысында Жұмахан өзінің 2015 жылдан бергі білім мен даму жолы туралы баяндап, жетістікке жетудің қыр-сырымен бөлісті.

халықаралық IELTS емтиханын жоғары деңгейде тапсырып, ағылшын тілін еркін меңгергенін;
республикалық және облыстық ғылыми жобалар байқауларының жүлдегері ретінде аналитикалық ойлаудың маңызын атап өтті.

Биыл Қазақстан бойынша 10 мыңға жуық үміткердің ішінен небәрі 32 оқушы FLEX бағдарламасының финалисі атанса, солардың бірі – біздің Жұмахан екені ерекше мақтанышпен айтылды.

Мектеп директоры Ж. Г. Кайбалдиева Жұмаханның анасына осындай білімді әрі көшбасшылық қасиеті жоғары азамат тәрбиелегені үшін алғыс білдіріп, мектеп әкімшілігі атынан арнайы Алғыс хат табыстады.

Кездесу барысында оқушылар халықаралық бағдарламаларға қатысу, ағылшын тілін меңгеру және өз-өзін дамыту бағытында көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды.

Жұмахан жастарды білімді тек жеке жетістік емес, ел болашағына үлес қосудың маңызды жолы ретінде қарастыруға шақырды.

Мектеп ұжымы бұл жетістікті барлық оқушыларға мотивация беретін үлкен үлгі деп бағалайды. Жұмаханға мұхиттың арғы жағында еліміздің абыройын асқақтатып, биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТАСКЕСКЕНДЕ ЗАМАНАУИ СПОРТ АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

berdaly_oraz

ІІМ азаматтарға ыңғайлы онлайн-сервисті іске қосты

ҚХП Орталық кеңсесінде жаңа Конституция жобасы бойынша пікірталас өтті

Redaktor Arysinfo