ҚАЗАҚСТАНДА 270 ЖЕКЕ ЕМШАРА КАБИНЕТІ ӨЗ ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТТЫ

Елімізде 1900 жеке емшара кабинетінің 408-і тиісті лицензиясыз медициналық қызмет көрсеткені анықталды. Оны Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жүргізген мониторингтің барысында анықтап отыр. 

 Уәкілетті орган жүргізген тексерулердің нәтижесінде 270 емшара кабинеті өз қызметін тоқтатып,  бірқатар субъектілер қызметін заңдастыруға дайындалып рұқсат беру құжаттарын рәсімдеуге кірісті.

 Аяқталған тексеру іс-шараларының қорытындысы бойынша мынадай жүйелі бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда: медициналық қызметті лицензиясыз жүзеге асыру, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамау, дәрілік заттарды сақтау шарттарының бұзылуы, білікті медициналық персоналдың болмауы, шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған қажетті жиынтықтардың болмауы.

Денсаулық сақтау министрлігі заңсыз медициналық қызмет көрсету фактілерін және медициналық көмек көрсету кезіндегі стандарттардың бұзылуын анықтау мақсатында республика бойынша жеке емшара кабинеттеріне тексеру жұмыстарын алдағы уақытта да  жалғастырады.
Егерде талапқа сай болмаған жағдайда әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 16 млн теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Зияткерлік камералар полицияға халықаралық іздеуде жүрген адамды ұстауға көмектесті

Түркістан облысына 60 жедел жәрдем көлігі табысталды

berdaly_oraz

Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының жақтастары Конституциялық реформаны қолдап, жиын өткізді

Redaktor Arysinfo