ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 1 МЛН ТҮП КӨШЕТ ЕГІЛЕДІ

Бүгін Түркістан облысның әкімі Нұралхан Көшеров шұғыл жиын өткізіп, өңірдің жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдеріне көктемгі ағаш егу жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруды тапсырды. Сонымен қатар кейбір аудандарда суару жүйелері мен қоршау жұмыстарының төмен деңгейде жүргізіліп жатқанын сынға алып, көшет отырғызу сапасын күшейтуді жеткізді.
Жиында көктемгі ағаш егу жұмыстарына дайындық барысы туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов баяндама жасап, алдағы жоспарларын атап өтті. Оның айтуынша, 2026-2027 жылдары аралығында қалған 14 мың гектар жерге, 24 млн түп көшет егу жұмыстары толығымен атқарылады. Биылғы наурыз айында 13 600 гектар жер жырту жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған.

2025 жылы облыстағы орман шаруашылығы мекемелеріне қарасты 22 тұқымбақта 30 миллионға жуық көшет өсіріліп, ормандарды толықтыруға 10 миллионнан астам көшет егілді. Ал 2026 жылға 1 млн көшет отырғызу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 312 мың көшет аудан-қалаларға таратылған. Көктемгі маусымға дайындық аясында 374 гектар жер қамтылып, суару жүйелері 80 пайызға, қоршау жұмыстары 84 пайызға қамтылған.
Сондай-ақ Түркістан қаласы маңында 30 мың гектар аумақта «Жасыл белдеу» қалыптастыру жобасы жүзеге асуда. Қазіргі таңда оның 29 544 гектары мемлекеттік орман қоры санатына енгізілген. 2026 жылғы жоспарға сәйкес, көктемде 100 гектарға 294,1 мың түп сексеуіл, ал күзде 9 415 гектар аумаққа 776 мың түп жапырақты ағаш көшеттері отырғызылады.
Жасыл белдеуде отырғызылған көшеттерді суғаруға арналған 390 дана су ұңғымалары жұмыс істейді. Биыл олардың 60-ының насосын жөндеу жоспарланған.
Алдағы уақытта, Түркістан қаласы айналасы мен облыс көлеміндегі көгалдандыру жұмыстары тұрақты жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласында “Дауыс беру — құқық пен жауапкершілік” тақырыбында квест ойыны өтті

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысының әкімі әлем чемпионы мен жүлдегерін марапаттап, көлік сыйлады

berdaly_oraz

Түркістан облысында дүбірлі көкпар ойыны өтті