ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ «ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕН» АРҚЫЛЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

Сапалы медицинаның қолжетімділігін қамтамасыз ету, қатерлі ісік ауруларының алдын алу мақсатында бейінді мамандар «Жылжымалы медициналық кешен» арқылы Ордабасы ауданына қарасты Шұбар, Бадам, Қараспан, Төрткүл, Бөржар, Көктөбе, Қайнар, Бөген, Жеңіс, Қарақұм ауылдарының тұрғындарына медициналық-профилактикалық тексерістен өткізу жұмысын жүргізуде. Осы жылдың басында Шұбар ауылынан басталған бұл іс-шара қаңтар айының соңына дейін жалғаспақ.
Бір ай көлемінде «Жылжымалы медициналық кешен» ауылдарды аралап, білікті жоғарғы санатты дәрігерлер пациенттерді профилактикалық тексерістерден өткізеді. Атап айтқанда, хирург, гинеколог, рентген лаборант, лаборант, стоматолог, окулист, лор дәрігерлері қабылдау жүргізеді.
«Жылжымалы медициналық кешен» пациенттерге толық медициналық тексеру жүргізу үшін қажетті барлық заманауи цифрлық зерттеу құрылғыларымен жабдықталған 7 мамандандырылған кабинеттен тұрады. Нақтырақ айтқанда, жалпы қабылдау аймағы, анализдер қабылдау және глюкометр, гематологиялық анализатор жүргізу аймағы, акушер-гинеколог кабинеті, функционалды диагностика кабинеті (ЭКГ), флюрографиялық зерттеулер жүргізетін арнайы қорғаныс сәулелі диагностика бөлмесі бар.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА «ТАЗА ЖАҒАЛАУ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨРЕНІ АЗАМАТ МАҚҰЛБЕКОВ ЖАҢА РЕКОРД ОРНАТТЫ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Redaktor Arysinfo