ЖАСТАРҒА ӘСКЕРИ ТӘРБИЕ: ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ДАЛАЛЫҚ ЖИЫНДАР БАСТАЛДЫ

Түркістан облысында жасөспірімдердің әскери дайындығын шыңдауға бағытталған дәстүрлі оқу-далалық жиындар өз жұмысын бастады. «Оқу дала жиыны–2026» атты әскери-патриоттық шара биыл да ауқымды форматта ұйымдастырылып, өңірдегі білім беру ұйымдарының оқушыларын кеңінен қамтып отыр.

Аталған іс-шараға облыстың 17 аудан-қаласынан жалпы саны 31 мыңнан астам оқушы қатысуда. Олардың қатарында 4 640 ұл бала болса, қалған 16 мыңнан астамын қыз балалар құрайды. Бұл көрсеткіш жастардың әскери-патриоттық тәрбиесіне деген қызығушылықтың жылдан-жылға артып келе жатқанын аңғартады.

Жиын барысында қатысушылар алғашқы әскери дайындық негіздерін меңгеріп, саптық жаттығулар, тактикалық әрекеттер және төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын үйренеді. Сонымен қатар, далалық жағдайда өмір сүру элементтерімен танысып, төзімділік пен жауапкершілік қасиеттерін дамытады.

Мамандардың айтуынша, мұндай жиындар жас буынның Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, олардың тәртіпке бағыну, ұйымшылдық пен батылдық сияқты маңызды қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.

Жалпы, «Оқу дала жиыны–2026» – жас ұрпақты елжандылық рухта тәрбиелеуге бағытталған маңызды алаңдардың бірі. Мұндай бастамалар арқылы болашақ ел қорғаушылардың рухы шыңдалып, ұлттық құндылықтарға деген құрметі

Ұқсас жаңалықтар

18 наурыз – Ұлттық киім күні: дәстүр мен рух сабақтастығы

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: ЗАҢ БҰЗҒАН 11 ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ КЕЛІСІМШАРТЫ МЕН ЛИЦЕНЗИЯСЫ ТОҚТАТЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo

Президент Қытайды Қазақстанның тату көршісі және уақыт тезінен өткен сенімді стратегиялық серіктесі деп атады