АРЫСТАН ШЫҚҚАН МАНСАР ОРЫНХАН—ЕНДІ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТ

Актер, жайдарманшы, «Миллион» командасының мүшесі Мансар Орынхан Түркістан облысы күрес федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеп, жаңа міндетті үлкен жауапкершілік деп қабылдайтынын айтты.

«Бұл – мен үшін үлкен жауапкершілік. Көрсетілген қолдау үшін Түркістан облысы күрес федерациясына және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына алғыс білдіремін. Басты мақсат – ұлттық спорттың беделін көтеріп, жас буынға мотивация беру» – деді ол.

Мансар Орынхан алдағы уақытта күрес спортын кеңінен насихаттап, оның имиджін арттыруға және медиа бағытты жаңа деңгейге көтеруге күш салатынын жеткізді. Сондай-ақ, шығармашылық тәжірибесін осы салаға бағыттап, нәтижелі жұмыс істеуге ниетті екенін атап өтті.

Айта кетейік, ол бұған дейін де спорттық жобаларға қатысып, белсенділігімен көзге түскен.

Ұқсас жаңалықтар

Бейбарыс Сұлтан Еуропа кубогының күміс жүлдегері атанды

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысының спортшылары жүзуден Қазақстан чемпионатында 11 жүлде иеленді

Халықаралық шаңғы спорты федерациясының жаңа президенті сайланды

Redaktor Arysinfo