ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА СЫМТЕМІР ӨҢДЕЙТІН ЦЕХ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан облысы Жетісай ауданында шағын және орта бизнесті дамыту бағытында жаңа өндіріс орны іске қосылды. Жетісай қаласында орналасқан «Жасурбек строй» шағын цехы темір сымнан тоқылған қоршаулар өндірумен айналысады.

Кәсіпорын 2026 жылдың наурыз айында кәсіпкердің жеке инвестициясы есебінен ашылған. Өндірістік қуаттылығы тәулігіне 1500 погонометрге дейін жетеді.

Қазіргі таңда цехта 2 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өндірісте пайдаланылатын негізгі шикізат Шымкент қаласынан жеткізіледі.

Аталған жоба – өңірдегі өндіріс көлемін арттырып, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі.

Ұқсас жаңалықтар

АУЫЛ БИЛЕРІ МЕДИАЦИЯ НЕГІЗДЕРІН МЕҢГЕРІП, РЕСМИ ҚҰЖАТТАРМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

berdaly_oraz

Түркістандық тұрғын автокөліктен магнитафон ұрлап кеткен

Альфия Адамбек

Төлеби ауданында 36 көпбалалы анаға мемлекеттік награда табысталды

berdaly_oraz