ТОРҒАЙДАН ТҮРКІСТАНҒА ТАНЫМДЫҚ САПАР

Дереккөз, фото: Түркістан қаласы әкімдігі

Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов бастаған делегация қазақ руханиятының көрнекті өкілі Өзбекәлі Жәнібектің 95 жылдығына орай Түркістан қаласына іссапармен келді.

Екі күнге жоспарланған сапар барысында қонақтар Түркістан қаласындағы тарихи-танымдық нысандарды аралап, рухани-мәдени орындарға зиярат жасады.

Делегация құрамында Арқалық қаласында өткен «Жәнібек оқулары» байқауының 25 жүлдегер оқушысы да болды. Жас жеткіншектердің туған ел тарихын танып-білуіне бағытталған мұндай тағылымды сапарлар олардың рухани дамуына, отансүйгіштік қасиеттерінің қалыптасуына оң ықпал етеді.

Қонақтарды Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қарсы алып, құрмет көрсетті. Кездесу барысында жас буынға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Адал азамат» біртұтас тәрбие тұжырымдамасы аясында жарық көрген «Адал азамат» тұлғалық даму күнделігі табысталды.

Тағылымды сапар қос өңір арасындағы рухани байланысты нығайтып, жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.

Ұқсас жаңалықтар

Ордабасы ауданында үш рет пәтер ұрлығын жасаған жас жігіт ұсталды

berdaly_oraz

Түркістанның парктері: тыныштық па, әлде туризмнің жаңа бет-бейнесі ме?

Альфия Адамбек

Түркістан облысында интернет-алаяқтықпен айналысатын қылмыстық топ әшкереленді