ПУТИН ИРАНДЫ ҚОЛДАЙТЫНЫН МӘЛІМДЕДІ

Санкт-Петербургте өткен кездесуде Владимир Путин Иранның Сыртқы істер министрімен жүздесіп, иран халқы қазіргі қиындықтарды еңсеретініне сенім білдірді. Ол өңірде бейбітшілік орнайтынына үміт артып, Ресейдің Таяу Шығыста арағайындық жасауға дайын екенін жеткізді.

Бұған дейін Мәскеу шиеленісті ушықтырмау мақсатында Иранның байытылған уранын өз аумағына әкетуді ұсынған болатын. Алайда бұл бастаманы АҚШ қолдамады. Соған қарамастан, Путин Иранмен стратегиялық серіктестік жалғаса беретінін атап өтті.

Еске салсақ, екі ел арасында өткен жылы 20 жылға арналған ұзақ мерзімді келісім жасалған. Қазіргі таңда Ресей Иран аумағында атом электр станциясының жаңа блоктарын салуда. Ал Иран тарапы да екіжақты ынтымақтастықты сақтауға ниетті.

Кремль АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің қайта жанданып, Таяу Шығыстағы жағдайдың тұрақталғанын қалайды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында биыл 34 мыңға жуық оқушы мектеп бітіреді

Альфия Адамбек

Түркістандық үш полицей 18 жастағы қызға зәбір көрсетті деген күдікке ілінді

berdaly_oraz

Арыста Көрісу мерекесі кең көлемде аталып өтті

berdaly_oraz