«Бір сыныптан – бір сапқа: алты жас Отан қорғауға аттанды»

Дереккөз, фото: Шардара ауд әкімдігі

Жастарды Отан алдындағы қасиетті борышын абыроймен атқаруға жігерлендіру, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты нығайту мақсатында салтанатты түрде әскерге шығарып салу іс-шарасы өтті.

Бір сыныпта білім алып, бірге өсіп-жетілген Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің алты азаматы бүгінде бір мақсат жолында – ел қорғау сапарына аттанды. Бұл – достықтың ғана емес, ортақ тәрбие мен ауызбіршіліктің, туған жерге деген адалдықтың жарқын көрінісі.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген Шардара ауданы әкімінің орынбасары Б.Төребеков жас сарбаздарға жүрекжарды тілегін білдіріп, олардың ел сенімін ақтайтын азамат боларына сенім білдірді.

— Отанды қорғау – әр азаматтың қасиетті парызы. Сіздер – елдің ертеңі, тәуелсіздіктің тірегі. Саптарыңыз нық, рухтарыңыз биік болсын! – деді ол.

Бұл шара – бір ауылдың ғана емес, бүкіл елдің болашағына деген сенімнің белгісі. Алты сыныптас достың бір сапта аттануы – бірлік пен бауырмалдықтың тағылымды үлгісі.

Жиын соңында Шардара аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков бата беріп, жас сарбаздарға ізгі тілегін арнады.

— Ел қорғау – ердің ісі, азаматтың абыройы. Сіздерге берік тәртіп, темірдей төзім, нық сенім тілеймін. Бірліктеріңіз бекем болып, достықтарыңыз сын сағатта шыңдала берсін. Отанға адал қызмет ету – ең үлкен құрмет екенін ұмытпаңыздар, – деді ардагер.

Іс-шара соңында жас сарбаздарға ақ жол тілеп, елге аман-есен, абыроймен оралуына сәттілік білдірілді.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте 144 отбасы жаңа арендалық баспанаға ие болды

berdaly_oraz

Арыста балаларға арналған «Бақытты балалық шақ» мерекелік шарасы өтті

berdaly_oraz

Tанымал блогер Мұрат Әбділда қайта қамалды

berdaly_oraz