ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ «ЖЫР ЖҮЙРІГІ ЖАРҚЫНБЕК» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

Дереккөз, фото: Түркістан қаласы әкімдігі

Келес ауданында айтыскер ақын Жарқынбек Наушабековті еске алуға арналған «Жыр жүйрігі Жарқынбек» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Ұлттық өнерді ұлықтаған жыр додасы ақынның шығармашылығын насихаттап, жас буынға өнеге көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

Айтыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев сөз сөйлеп, Жарқынбек Наушабековтің қазақ айтыс өнеріндегі өзіндік орны мен шығармашылық мұрасына тоқталды.

Жыр додасына еліміздің әр өңірінен келген танымал және жас ақындар қатысып, сөз сайысында бақ сынасты. Айтыс барысында қатысушылар қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, ел бірлігі, руханият, тіл мен дәстүр тағдыры секілді маңызды тақырыптарды қозғады.

Шарада айтыскер ақындар Бекмұрат Анарбаев, Бөрібай Оразымбет, Анар Жаппарқұлова және Нұрғали Әнапия қазылық етіп, қатысушылардың өнерін бағалады. Қазылар алқасы ақындардың тапқырлығы, ұйқас шеберлігі, мазмұн тереңдігі мен сахна мәдениетіне мән берді.

Айтыс қорытындысы бойынша бас жүлдені Ахметрасул Баянбай иеленді. Бірінші орын Айбек Қалиевке, екінші орын Бекарыс Шойбековке бұйырды. Ал үшінші орынды Дәурен Ысқақ пен Дінмұхаммед Жарқынбекұлы бөлісті.

Сонымен қатар, Нұрдаулет Өмірбек, Аян Ниязбек, Дидар Қами, Хазірет Бердіхан және Талғат Мықи арнайы жүлделермен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда жоғары оқу орнының үздік түлектеріне диплом табысталды

Түркістандық әжелер Димаштың әніне би билеп, белсенді өмір салтын насихаттады

berdaly_oraz

Арыс қаласында автобустар Қадыр түніне орай тегін қызмет көрсетеді

berdaly_oraz