АРЫСТА ДАЛА ӨРТІНІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Дереккөз, фото: Арыс ауд әкімдігі

Арыс қаласында дала өртінің алдын алу және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Арыс қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі мен қалалық төтенше жағдайлар бөлімі мамандары Ақдала, Дермене, Байырқұм, Жиделі, Монтайтас және Қожатоғай ауылдық округтерінде шаруа қожалықтарының иелерімен және тұрғындармен кездесті.

Кездесу барысында алдағы шөп ору маусымында ауыл шаруашылығы техникаларының өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар дала өртіне жол бермеу мақсатында техникаларға ұшқынсөндіргіш орнату қажеттігі айтылып, арнайы жадынамалар таратылды.

Мамандар тұрғындарға қамыс, құрғақ шөп пен қоқыс өртеуге, ашық от жағуға және темекі тұқылын далаға тастауға болмайтынын ескертті. Сондай-ақ жанар-жағармай құю кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігі түсіндірілді.

Жауапты сала өкілдері өрт шыққан жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарласу керектігін атап өтті.

Өрт қауіпсіздігін сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті. Табиғатты, елді мекендерді және мал-жанды қорғау баршамызға ортақ жауапкершілік.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда Денис Теннің есімі көшеге берілді

Redaktor Arysinfo

АРЫСТА ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКТІҢ 95 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ӨТТІ

berdaly_oraz

Сайлаудың сапасы – комиссия біліктілігінде: Ордабасыда ауқымды оқу-семинар өтті

Redaktor Arysinfo