ТҮРКІСТАНДА «СӨЗ БЕН САЗ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

Дереккөз, фото: Түркістан қаласы әкімдігі

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыка мектебінде мемлекет және қоғам қайраткері, ақын Әкім Ысқақ пен сазгер Мамырғали Байстың шығармашылығына арналған «Сөз бен саз» атты әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылды.

Мәдени шара барысында ақын Әкім Ысқақтың әдебиет саласындағы еңбектері мен сазгер Мамырғали Байстың музыкалық туындылары көпшілікке кеңінен таныстырылды.

Кешке Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, Түркістан облыстық білім басқармасының басшысы Ғалымжан Орынов, ақын Әкім Ысқақ, зиялы қауым өкілдері, білім және мәдениет саласының қызметкерлері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.

Іс-шара барысында жас өнерпаздар ақынның жырларын мәнерлеп оқып, сазгердің әндерін орындады. Сонымен қатар патриоттық және тәрбиелік мазмұндағы әндер шырқалып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Өнер көрсетілімдері көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

«Сөз бен саз» кеші әдебиет пен өнерді тоғыстырған мазмұнды шара ретінде жоғары деңгейде өтті. Кеш барысында ұлттық құндылықтар насихатталып, жас ұрпаққа тағылымды бағдарлама ұсынылды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Шардарадағы жағажайлардың тазалығы мен қауіпсіздігі бойынша қатаң талаптар қойылды

Қайсар Маңқараев тұрғындармен ашық диалог жүргізіп, мәселелерін тыңдады

berdaly_oraz

Түркістан облысында 28 полицей жазаланды