ГҮЛДЕНГЕН ТҮРКІСТАН

Фото: Түркістан қаласы әкімдігі

Түркістан қаласы бүгінде заманауи келбеті мен көркейген келбеті арқылы көпшіліктің назарын аударып келеді. Қала көшелері мен қоғамдық орындарында егілген сан түрлі гүлдер шаһардың ажарын ашып, ерекше сән беруде.

Көктем мен жаз мезгілдерінде Түркістанның басты көшелері, саябақтары мен демалыс аймақтары түрлі-түсті гүлдермен көмкеріліп, тұрғындар мен қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Әсем безендірілген гүлзарлар қала мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналған.

Қаланың көрікті нысандарының бірі саналатын қонақүйлер мен қоғамдық ғимараттардың маңайы да жасыл желекпен және гүлдермен абаттандырылған. Бұл шаһардың тазалығы мен көркемдігін айқындай түседі.

Түркістанның гүлденуі – қаланың дамуы мен жаңаруының айқын көрінісі. Күннен-күнге көркейіп келе жатқан рухани шаһар алдағы уақытта да өзінің ерекше келбетімен елді сүйсіндіре бермек.

Ұқсас жаңалықтар

АРЫС ҚАЛАСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН НАСИХАТТАУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

Шымкент тұрғыны бөтеннің көлігін ағаш пен тас лақтырып бүлдіргені үшін айыппұл арқалады

Түркістан қаласында 3069 түлек мектеп бітірді