29 сәуір таңертең Ресейдің Орынбор облысындағы Орск қаласында орналасқан ірі мұнай өңдеу зауытына дрондар соққы бергені хабарланды. Қазақстанмен шекарадан шамамен 20 шақырым қашықта орналасқан бұл кәсіпорын стратегиялық маңызды нысандардың бірі саналады және жылына 6,6 миллион тоннаға дейін мұнай өңдеуге қауқарлы.
Алдын ала мәліметтер бойынша, зауытқа қашықтан басқарылатын ұшу аппараттары арқылы шабуыл жасалған. Оқиғадан кейін өңір басшысы Евгений Солнцев әуе кеңістігіне уақытша шектеу енгізіп, тұрғындарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды. Сондай-ақ әуе қорғаныс жүйелері іске қосылғаны айтылды.
Мұнай өңдеу зауытының жұмысы уақытша тоқтаған жағдайда, Ресейдің бірқатар өңірлерінде, соның ішінде Қазақстанға жақын аймақтарда жанармай тапшылығы орын алуы мүмкін деген болжам бар
