Түркістан туризмін дамытуда Өзбекстан үлгісі қарастырылмақ

Түркістан қаласының туристік әлеуетін арттыру үшін Өзбекстанның тәжірибесін зерттеу қажет. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, Түркістан – тарихи және мәдени мұраларға бай қала. Оны әлемдік деңгейдегі туристік орталыққа айналдыру үшін кешенді жұмыстар атқарылуы тиіс. Бұл ретте Самарқандтың тәжірибесі маңызды үлгі бола алады.

«Самарқандқа жыл сайын миллиондаған турист келеді. Қала әлемге кеңінен таныстырылып, инфрақұрылымы дамытылуда. Ташкент пен Самарқанд арасында арнайы жылдам пойыздар іске қосылды. Ал Түркия Анталияны туризм орталығына айналдыру үшін ауқымды шаралар жүргізді. Соның нәтижесінде туризм ел экономикасының негізгі табыс көздерінің біріне айналды. Түркістан да дәл осындай деңгейге жетіп, Қазақстанды халықаралық аренада таныстыратын маңызды орталық бола алады», – деді Мәулен Әшімбаев.

Айта кетейік, Сенат Түркістанға ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын мақұлдады. Құжат аясында тарихи және мәдени ескерткіштерді тиімді басқару жүйесін құру көзделген. Оның ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қорғау аймағында орналасқан нысандарды сақтау мен дамыту мәселелері қарастырылған.

 

Ұқсас жаңалықтар

Өңір жаңалықтары: Сайрамда «Заң мен тәртіп» атты форум өтті

Альфия Адамбек

Шымкенттегі «Кәусар» кафесіндегі өрт оқшауланды: штаб құрылып, арнайы техника жұмылдырылды

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА ЕЛ ЫНТЫМАҒЫН НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Пікір жазу