Дереккөз, фото: Ордабасы ауд әкімдігі
Ордабасы ауданында аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары, ауыл округі әкімдері және тиісті бөлім басшылары қатысты.
Отырыс барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және құрылыс саласындағы заң талаптарының сақталуы мәселелері қаралды. Қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті күшейту, бейнебақылау жүйелерін жетілдіру, отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ құрылыс жұмыстарын заң талаптарына сай жүргізу бағытындағы жұмыстар сарапталды.
Күн тәртібіне сәйкес, аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Руслан Мейірбеков, аудандық «Отбасын қолдау орталығы» КММ директоры Асылбай Ыдырысов және аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі Болат Алишев атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.
Жиын барысында аудан әкімі өңірдегі құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы өзекті мәселелерге тоқталып, оларды шешу жолдарын нақтылады. Сонымен қатар, жауапты сала басшылары мен ауыл округі әкімдеріне тиісті тапсырмалар берілді.
Отырыс қорытындысы бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейту және салааралық өзара іс-қимылды арттыруға бағытталған міндеттер айқындалды.
