ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес мақта- тоқыма кластері қарқынды дамып келеді.

Өңірде мақтаны толық өңдеп, дайын өнім шығаратын өндірістік тізбек қалыптасқан.

Түркістан қаласындағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында заманауи тоқыма кешені іске қосылып, жіп иіру мен мата өндіру жолға қойылды. Отырар ауданында мақта өңдеу зауыттары жұмыс істеп, су үнемдеу технологиялары енгізілуде.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің бастамасымен бұл жобалар өңір экономикасын әртараптандыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беріп отыр.

Нәтижесінде Түркістан облысы мақтадан дайын өнімге дейін толық цикл қалыптасқан өндіріс орталығына айналуда.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан – түркі әлемінің экономикалық келісімдері тоғысқан алаң

berdaly_oraz

Ақордада UAE SWAT Challenge-2026 жеңімпаздары марапатталды

berdaly_oraz

Аңызға айналған Джеки Чан Маңғыстауға келді

Redaktor Arysinfo