ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Дереккөз, фото: Түркістан обл әкімдігі

Түлкібас ауданында өткен «Түркібасы – айбыным, «Шынар бастау» – айдыным» атты республикалық жастар шығармашылық байқауы өз мәресіне жетіп, үздіктер марапатталды. Салтанатты рәсім «Шынар бастау» мәдени-рухани демалыс кешенінде ұйымдастырылды.

Тағылымды шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ғалымдар мен аудан тұрғындары қатысты. Алғаш рет ұйымдастырылған байқаудың негізгі мақсаты – Түлкібас өңірінің тарихи-танымдық ерекшеліктерін, туристік әлеуетін және туған жерден шыққан тұлғалардың өнегелі жолын кеңінен насихаттау.

Жоба аясында қатысушылар ана тақырыбы, туған жер құндылығы, тарихи тұлғалар мен өңірдің рухани мұрасы жайында шығармалар ұсынып, өз шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, байқауға 90-ға жуық жұмыс келіп түскен.

Байқау жұмыстарын БАҚ өкілдері, тіл мамандары мен журналистерден құралған комиссия саралап, қатысушылардың мазмұн байлығы мен тақырыпты ашу деңгейіне ерекше назар аударды.

Нәтижесінде бас жүлде Асанбай Асқаров атындағы жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Ақнұр Құралбекке бұйырды. Бірінші орынды «Шамшырақ» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Аяжан Мәмет иеленсе, екінші орын Гүлсая Рүстем мен Сандуғаш Аяғановаға берілді. Ал үшінші орын бірнеше жас қатысушыға табысталды.

Жеңімпаздар арнайы сыйақылармен марапатталып, үздік шығармаларды республикалық және өңірлік басылымдарда жариялау жоспарланған. Сонымен қатар барлық туындылар арнайы жинаққа енгізіледі.

Ұйымдастырушылар бұл байқаудың алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасатынын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында жол-көлік оқиғалары азайған

berdaly_oraz

АРЫСТА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

berdaly_oraz

АТА ЗАҢ – АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ КЕПІЛІ

berdaly_oraz