Арыс қаласында құқықтық оқыту отырысы өтті

Арыс қаласында құқықтық оқыту отырысы өтті,-деп жазады Арысинфо.кз.

Арыс қаласында 2025 жылдың ІІІ-тоқсанына арналған жоспарға сәйкес құқықтық оқыту жиыны өтті. Іс-шараға қала әкімі аппаратының бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Отырысты қала әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Айдар Манапов жүргізді.

Жиында екі негізгі мәселе қаралды:

  • ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес алдын алу шаралары;
  • ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес қызмет көрсетудің сапасы мен қағидаттары.

Баяндама жасаған кадр бөлімі басшысы Бақытжан Тағаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызын атап өтті. Ал жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлмаханбет Әділбеков мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі туралы айтты.

Жиын соңында қатысушылар пікір алмасып, қала әкімдігінің заң бөліміне хаттама әзірлеу тапсырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағашта ауыл тұрғындарына заманауи спорт алаңшасы ашылды

berdaly_oraz

 ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ МҰХТАР ШАХАНОВҚА СОҢҒЫ ҚҰРМЕТ

Қайрат Балабиев: «Жекеменшік балабақшаларға айыппұл салына берсе, олар жабылып қалуы мүмкін»

berdaly_oraz