ТҮРКІСТАНДА АЯЛДАМАЛАР ЖАҢАРЫП, ҚАЛА КЕЛБЕТІ КӨРКЕЙІП КЕЛЕДІ

Дереккөз, фото: Түркістан қаласы әкімдігі

Түркістан қаласында қоғамдық көлік аялдамаларын күтіп ұстау және тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда. Қала аумағындағы аялдама павильондары мен орындықтар күн сайын тазартылып, санитарлық жағдайы бақылауға алынған.

Сонымен қатар, аялдамалардың тозған бөліктері жаңартылып, айналар мен өзге де құрылымдық элементтер ретке келтірілуде. Бұзылған нысандарға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, олардың сыртқы келбеті мен қолданысқа ыңғайлылығына ерекше назар аударылуда.

Бүгінде Түркістан қаласында 438 қоғамдық көлік аялдамасы халыққа қызмет көрсетеді. Соңғы жылдары қалада жаңа үлгідегі заманауи аялдамалар орнатылып, инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, қосымша аялдамалар орнату жоспарлануда.

Қаладағы мұндай жұмыстар қоғамдық кеңістіктің сапасын арттырып қана қоймай, тұрғындар мен қонақтарға қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысы NEAR ұйымының мүшесі атанды

Түркістан облысында тәртіп сақшылары кофе таратты

Альфия Адамбек