ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

дереккөз фото Түркестан облысының әкімдігі

Жетісай ауданында жол жөндеу және елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Аудан аумағындағы ішкі көшелерді асфальттау, жолдарды қалпына келтіру және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мәселелері кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді.

Аудан әкімі Серік Мамытов жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын бақылап, мердігер мекемелерге нақты талаптар қойды. Әсіресе, төселетін асфальттың сапасы, жолдың қалыңдығы мен ені стандартқа сай болуы қажеттігін атап өтті.

Бақылау барысында Жетісай қаласындағы Шәкәрім көшесінің орта жөндеу жұмыстарына дайындық барысы пысықталды. Көше бойындағы қызыл сызыққа заңсыз орналастырылған нысандар иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты Ынтымақ елді мекеніндегі Көрікті және Шойын көшелерінде жүргізіліп жатқан орта жөндеу жұмыстары қаралды. Аудан басшысы тұрғындар қауіпсіздігі үшін қажетті жол белгілерін орнатуды тапсырды.

Жол сапасын жақсарту мен инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы жұмыстар аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын арттырып, өңірдің дамуына тың серпін бермек.

Ұқсас жаңалықтар

ОКҚ жанында Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық іске қосылды

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

berdaly_oraz

Арыс қаласында ерекше балаларға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді

berdaly_oraz