СОЗАҚТА АСЫҚ АТУДАН ТОП ЖАРҒАН ЖАС СПОРТШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Дереккөз, фото: Созақ ауд әкімдігі

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Құмкент ауылындағы Қ. Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушыларын және олардың жетекшісі Серікұлы Амандосты арнайы қабылдап, құрмет көрсетті.

Жас спортшылар жуырда Түркістан облысы көлемінде өткен «Асық ату және бес асық» чемпионатында жоғары нәтиже көрсетіп, Созақ ауданының намысын абыроймен қорғады. Нәтижесінде бас жүлдені иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды.

Жарыс барысында Саттар Әділ, Жайдарбек Дарын және Тілекқабыл Айсұлтан үздіктер қатарынан көрініп, жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, шәкірттерді жарысқа дайындаған жаттықтырушы Серікұлы Амандостың еңбегі де ерекше аталып өтті.

Кездесу кезінде аудан басшысы ұлттық спорт түрлерін дамыту жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті. Ол жас чемпиондарға алдағы жарыстарда сәттілік тілеп, олардың жетістіктері мен болашақ жоспарлары жөнінде пікір алмасты.

Шара соңында жеңімпаздарға аудан мерейін үстем етіп жүргендері үшін алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ – БАСТЫ НАЗАРДА

berdaly_oraz

Түркістан инвестиция мен туризмнің жаңа белесі

berdaly_oraz

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ  ЖАҢА ТЕТІКТЕРІ БЕКІТІЛДІ

Redaktor Arysinfo