Доллар бағасы күрт өсті: айырбастау пункттеріндегі жаңа курс белгілі болды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 467,63 теңгені құрады. Осылайша америкалық валюта бір күнде 3,44 теңгеге қымбаттады.

Қазақстан Ұлттық банкінің 13 мамырға арналған ресми бағамы – 463,91 теңге.

Ал айырбастау пункттеріндегі жағдай мынадай:

 Алматыда долларды сатып алу бағамы орта есеппен – 468,64 теңге, сату – 471,18 теңге;
 Астанада долларды 466 теңгеден сатып алып, 473 теңгеден сатуда;
 Шымкентте доллардың сатып алу бағамы – 469,53 теңге, сату бағамы – 471,64 теңге.

Сарапшылар ұлттық валюта бағамына сыртқы нарықтағы өзгерістер, мұнай бағасы мен геосаяси факторлар әсер етіп отырғанын айтады

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АҚЫНЫН ҚҰРМЕТТЕГЕН ӘКІМ

Redaktor Arysinfo

Арыста қол күрестен ашық біріншілік өтті

Шымкентте әскери қызметшілер «Даңқ» мемориалын тазалады