ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ ЖАҢА ЛОГОТИП ЖОБАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ

Дереккөз, фото: Түлкібас ауд әкімдігі

Түлкібас ауданының ресми нышанын (логотипін) әзірлеу мақсатында жарияланған конкурс аясында 8 автордан 24 жоба арнайы жұмыс тобының қарауына ұсынылды. Осыған байланысты аудан әкімінің орынбасары Бақдәуір Кәлменнің төрағалығымен жобаларды талқылауға арналған жұмыс отырысы өтті.

Жиын барысында арнайы құрылған жұмыс тобы ұсынылған әр жобаны жан-жақты саралап, оның тарихи, мәдени, географиялық және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерге сәйкестігіне баса назар аударды.

Талқылау кезінде жұмыс тобы мүшелері логотип нұсқалары бойынша өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, оларды жетілдіруге қатысты бірқатар ескертулер жасады. Сондай-ақ конкурс талаптарына сәйкес, жобаларда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту идеясы көрініс табуы және геральдикалық нормалардың сақталуы қажеттігі атап өтілді.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының барлық азаматтары қатысу мүмкіндігіне ие болды. Жобаларды қабылдау және қарау белгіленген мерзім аясында жүргізілді.

Жұмыс тобының шешімімен ұсынылған 6 жоба қоғамдық талқылауға жіберілді. Қоғамдық талқылау қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинаған жоба комиссия қарауына ұсынылып, оң шешім қабылданған жағдайда аудандық мәслихаттың бекітуіне енгізіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаеваның денсаулығы нашарлап жатыр

berdaly_oraz

Түркістандық параканоэшілер Тайландта өткен Азия Чемпионатынан 5 медаль жеңіп алды

ТҮРКІСТАНДА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА «АЛТЫН АЛҚА» ЖӘНЕ «КҮМІС АЛҚА» ТАБЫСТАЛДЫ

berdaly_oraz