Енді жолаушылар пойыздың нақты қай жерде екенін және оның келу, кету уақыттарын онлайн бақылауға мүмкіндік алады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жаңа цифрлық қызметті іске қосты – «Пойыз қозғалысының онлайн тақтасы». Енді жолаушылар пойыздың нақты қай жерде екенін және оның келу, кету уақыттарын онлайн бақылауға мүмкіндік алады. Бұл қызмет пойыз қозғалыс кестесіндегі өзгерістер туралы шұғыл ақпарат алуға да қолайлы.

Жаңа жүйе арқылы жолаушылар таңдаған станциядағы келу және жөнелту уақыттарын көруге, қозғалыс картасын пайдаланып, пойыздың нақты орналасуын бақылауға, сондай-ақ барлық аялдама станциялары мен олардың күту уақыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

Бұл қызмет bilet.railways.kz ресми сайтында қолжетімді болып табылады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Нұралхан Көшеров «Қазқайтажаңарту» басшысымен тарихи жобаларды талқылады

Берденовке жасалған қастандықтың артында 3,4 млрд теңге тұруы мүмкін

berdaly_oraz

АРЫС ҚАЛАСЫНДА 2025 ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІКТЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

berdaly_oraz