«ҚАЗАҚ ДЕП МҰҢҒА БАТТЫМ МЕН» ӘН-ЖЫР КЕШІ ӨТЕДІ

Дереккөз, фото: Түркістан обл әкімдігі

Қазақ поэзиясында ұлттық рух пен ел мұратын арқау еткен көрнекті ақын Қасымхан Бегманов шығармашылығына арналған «Қазақ деп мұңға баттым мен» атты ән-жыр кеші өтеді. Рухани кешке еліміздің белгілі қаламгерлері мен қоғам қайраткерлері арнайы қатысады.

Кештің құрметті қонақтары қатарында:

Мереке Құлкенов — көрнекті жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасы;

Қалқаман Сарин — «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, ҚР Президенті Әкімшілігінің консультанты;

Қансейіт Әбдезұлы — филология ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы;

Есберген Алауханов — заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заңгер-жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері;

Серік Елікбай — Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, белгілі жазушы, С.Торайғыров атындағы Павлодар университеті профессоры;

Әміржан Қосанов — мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының кеңесшісі.

Ұйымдастырушылар әдебиет пен өнерді қадірлейтін барша қауымды рухани кешке қатысуға шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте көктемнің жарқын мерекесіне арналған «Гүл жәрмеңкесі» өтеді

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА 400 МЛН ТЕКШЕ МЕТР СУ ЖІБЕРІЛІП, ЕГІС АЛҚАПТАРЫ ЖАҢҒЫРДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЛАМИНАТ ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo