ШЫМКЕНТТЕ ҰЙҚЫ БЕЗІ ІСІГІНЕ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ

Дереккөз, фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Шымкент қаласының 62 жастағы тұрғынына ұйқы безі басының ісігі диагнозымен жоғары технологиялық күрделі операция жасалды.

Көп сатылы хирургиялық ота барысында науқастың ұйқы безі, он екі елі ішегі, өт жолы және асқазанның бір бөлігі алынып, ас қорыту жүйесі қайта қалпына келтірілді.

Бірнеше сағатқа созылған операция сәтті аяқталып, пациент жансақтау бөліміне ауыстырылған. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақтанып, дәрігерлердің тұрақты бақылауында екені айтылды.

Мамандардың айтуынша, мұндай күрделі операциялар жоғары кәсіби дайындық пен үйлесімді командалық жұмысты талап етеді.

Аталған хирургиялық араласу шымкенттік дәрігерлердің тәжірибесі мен медициналық мүмкіндіктерінің жоғары деңгейін көрсетті.

Ұқсас жаңалықтар

Мүгедектікті сырттай куәландыру жүйесі – азаматтарға қолайлы, қағазбастылықсыз жаңа формат

berdaly_oraz

Жастарға жалған жылтырақ емес, шынайы құндылық керек

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЧЕМПИОНАТЫ: ОТЫРАРЛЫҚ ЖАС КҮРЕСШІЛЕРДІҢ ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІГІ

berdaly_oraz