ТҮРКИЯ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА 920 МЛН АҚШ ДОЛЛАРЫ ИНВЕСТИЦИЯ САЛМАҚ

Түркиялық компаниялар Қазақстанда жалпы құны 920 миллион доллардан асатын инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл бастамалар екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған.

Атап айтқанда, Абай облысында Miryıldız компаниясы кен байыту комбинатын салуды көздесе, İskefe Holding Алматы қаласында желатин өндіретін зауыт ашуды жоспарлап отыр.

Ал Orzax Group Түркістан облысында биологиялық белсенді қоспалар шығаратын заманауи өндірісті іске қоспақ. S Sistem Lojistik компаниясы «Қазпоспа» АҚ-мен бірлесіп, Ақтөбе халықаралық әуежайы аумағында логистикалық орталық салуда. Сонымен қатар Tiryaki Holding Астана қаласында бидай мен асбұршақты терең өңдейтін зауыт құрылысын бастады.

Жобалар нәтижесінде ел экономикасына 920 млн доллар инвестиция тартылып, 3 100-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

Redaktor Arysinfo

АРЫСТА ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕ ҚАЙТА САЛЫНУДА

Redaktor Arysinfo

Шымкентке алты өңірден шақырылған сарбаздар әскери ант қабылдады