ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТІП ЖАТЫР

Түркістанда 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған облыстық спартакиада басталды. Дәстүрлі спорттық додаға 1000-ға жуық мемлекеттік қызметші қатысып, түрлі сайыстарда бақ сынауда.

Ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысушыларды құттықтап, оларға сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі мен маңызын атап өтіп, салауатты өмір салтын қалыптастыруда спорттың рөлі зор екенін айтты.

Биылғы спартакиада аясында қатысушылар шағын футбол, волейбол, баскетбол 3/3, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, жүзу, қазақ күресі және киберспорт сияқты бірнеше спорт түрі бойынша өзара жарысуда.

Жарыс Түркістан қаласындағы спорт кешендерінде 19- 22 мамыр аралығында өтуде. Қорытындысында үздік командалар жалпыкомандалық есеп бойынша кубоктармен, ал жекелеген спорт түрлерінің жеңімпаздары дипломдар мен медальдармен марапатталады.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және әріптестік байланыстарды нығайту. Сонымен қатар үздік спортшылар шілде айында өтетін республикалық спартакиадаға жолдама алады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысындағы трассада полицейлер саяхатшыларға көмектесті

Түркістанда жол жамылғыларын аэрация әдісімен суару жұмыстары жүргізілуде

Шымкент жастар театрында 136 млн теңгеден астам бюджет қаражаты ұрланған