Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады.

Мемлекет басшысы өз сөзінде мәдениет пен өнердің ұлт руханиятын қалыптастырудағы ерекше рөліне тоқталып, бұл саланың ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтті.

– «Бұл – еліміз үшін мән-маңызы айрықша мереке. Мәдениет – халқымыздың ұлттық болмысы мен рухани дербестігінің арқауы екенін бәріміз жақсы білеміз. Мәдени және рухани дүниесін сақтай білген елдің мәртебесі биік, мерейі үстем болары айқын. Сіздер осы игі мақсат жолында табанды жұмыс істеп келесіздер. Қоғамымыз бұл еңбекті жоғары бағалайды. Бүгін мен кәсіби мереке күні еліміздегі барша мәдениет және өнер саласы мамандарына шынайы алғысымды білдіремін!», – деді Президент.

Мемлекет басшысы мәдениет пен өнер саласында еңбек етіп жүрген мамандардың ұлт руханиятын дамытудағы еңбегіне жоғары баға беріп, олардың қоғамдағы орны ерекше екенін жеткізді. Сондай-ақ ұлттық мәдени мұраны сақтау, өнерді дәріптеу және жас ұрпақтың рухани тәрбиесіне үлес қосып жүрген сала өкілдеріне ризашылығын білдірді.

Марапаттау рәсімінде мәдениет және өнер саласының бірқатар үздік мамандары мемлекеттік наградалармен және құрметті атақтармен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСТА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

berdaly_oraz

Іздеу саламыз!: «Тақыркөлде» жоғалған Аиданың тағдыры әлі де беймәлім

berdaly_oraz

Шымкент қаласы білім басқармасы 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай білім беру мекемелерінде ақша жинауға тыйым салды

berdaly_oraz