ТҮРКІСТАНДА ЖАЙДАРМАН ҰЛТТЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ 1/4 ФИНАЛ ОЙЫНДАРЫ ӨТТІ

Дереккөз, фото: Түркістан обл әкімдігі

Түркістан қаласында «Жайдарман» Ұлттық лигасының 1/4 финалдық кезеңі ұйымдастырылды. Іс-шараны облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты Жастар ресурстық орталығы мен AMANAT партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты бірлесіп өткізді.

Ауқымды додаға еліміздің әр өңірінен келген үздік жайдарман командалары қатысып, көрермендерге мазмұнды әрі тартысты ойын көрсетті. Қатысушылар сахнада тапқыр әзілдерімен, актерлік шеберлігімен және ерекше қойылымдарымен көпшіліктің ықыласына бөленді.

Қазылар алқасының құрамында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Қазақстан КВН одағының президенті Есен Елеукен, «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова, жайдарманшылар Ерлан Айтбаев мен Маңсар Орынхан, сондай-ақ актриса Жұлдызай Дүйсенбиева болды.

Кеш барысында қазылар қатысушылардың өнеріне баға беріп, жастар шығармашылығы мен жайдарман қозғалысының дамуы туралы пікірлерін айтты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жобалар жастардың шығармашылық қабілетін шыңдап, ұлттық әзіл өнерінің дамуына оң ықпал етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Шымкенттегі «Тассай» индустриалды аймағында болды

berdaly_oraz

ТУРКЕСТАН: СОВЕТНИК ПРЕЗИДЕНТА МАЛИК ОТАРБАЕВ ВСТРЕТИЛСЯ С ЖИТЕЛЯМИ ОРДАБАСИНСКОГО РАЙОНА

Redaktor Arysinfo

Қазақстанда Жеңістің 80 жылдығына арналған парадқа дайындық жүріп жатыр

berdaly_oraz