САЙРАМДЫҚ БОКСШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Дереккөз фото: Сайрам ауданы әкімдігі

Түркістан қаласындағы «Olympic Center» спорт кешенінде белгілі боксшы, Сидней Олимпиадасы мен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы, Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Мұхтархан Ділдәбековтің жүлдесіне арналған жастар арасындағы 14- халықаралық турнир ұйымдастырылды.

Дәстүрлі жарысқа Қазақстанның 10 өңірінен, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген 13 команда қатысып, 150-ге жуық жас боксшы 10 салмақ дәрежесінде бақ сынады.

Аталған додада Сайрам ауданының спортшысы Алихан Прімбетов 75 келі салмақта өнер көрсетіп, өңір намысын абыроймен қорғап, жеңімпаз атанды.

Ұқсас жаңалықтар

ЖАСТАР НЕГЕ ШЕТЕЛГЕ КЕТІП ЖАТЫР? 150 МЫҢ ҚАВЗАҚСТАНДЫҚ СЫРТТА ЖҮР 

Құрметті Арыс қаласының тұрғындары!

Шардара ауданында шіркейге қарсы залалсыздандыру шаралары күшейтілді