ҚАЗЫҒҰРТТА СЕЛ САЛДАРЫН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

24 мамыр 2026 жылы Қазығұрт ауданына қарасты Қ.Мәмбетұлы және Жіңішке ауылдарында нөсер жауынның салдарынан сел жүрді.

Қазіргі уақытта жауын тоқтап, жағдай толық бақылауға алынған. Оқиға орын алған аумақтарда аудан әкімдігінің коммуналдық қызметтері мен төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Жыл басынан бері арық-атыздар мен су арналары жүйелі түрде тазаланып келген. Дегенмен, жауын-шашынның шамадан тыс көп түсуіне байланысты кей жерлерде су арнасынан асып кеткен.

Қазір арнайы техникалар жұмылдырылып, су ағынын өзен арналарына бағыттау, көшелер мен аулаларды тазарту, сонымен қатар қауіпті аймақтарды бақылау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.

Селдің салдарынан Қ.Мәмбетұлы ауылында 14 үйдің, ал Жіңішке ауылында 30 үйдің ауласына су кірген. Қазіргі таңда бұл аумақтарда су бұру, тазалау және қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Жалпы апатты жоюға 12 арнайы техника мен 120 адам тартылған. Олардың қатарында КамАЗ автокөлігі, тіркемесі бар тракторлар, көпфункционалды арнайы техникалар, жүк тиегіштер мен грейдер бар.

Қосымша 30 маман мен қажетті құрал-жабдықтар жеткізіліп, жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылып жатыр.

Жағдайды толық бақылауда ұстау үшін арнайы жұмыс тобы құрылып, барлық қызметтер тәулік бойы кезекшілікке көшірілген. Қалпына келтіру және тазалау шаралары қарқынды жалғасуда.

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар аудан әкімдігінің бақылауында.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА ЖАҢА БАСПАНА ТАБЫСТАЛДЫ

berdaly_oraz

Шардарада полицейлер браконьерлерді ұстады

berdaly_oraz