ЕРМЕК СЕРКЕБАЕВТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КОЛЛЕКЦИЯЛЫҚ МОНЕТА ШЫҒАДЫ

Ұлттық Банк әйгілі опера әншісі Ермек Серкебаевтің 100 жылдығына арналған коллекциялық монетаны айналымға шығарады. «E.SERKEBAEV. 100 JYL» монетасы «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясы аясында жарық көреді. Сонымен қатар «Жүректен жүрекке» сериясынан «AINALAIYN» монетасы да сатылымға ұсынылады.

Коллекциялық монеталар 28 мамырдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің интернет дүкені арқылы сатылады. Монета бетінде Ермек Серкебаевтың портреті бейнеленген. Ол мельхиор қоспасынан дайындалып, 200 теңгелік номиналмен 7 мың дана таралымда шығарылады.

Айта кетейік, Ермек Серкебаев – қазақ опера өнерінің көрнекті өкілі, КСРО халық артисі әрі Социалистік Еңбек Ері. Ол ұзақ жылдар бойы Абай атындағы Қазақ опера және балет театры сахнасында өнер көрсеткен.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан әйелдер хоккей құрамасы Харбин-2025 ойындарының күміс жүлдегері атанды

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА КЛАСТЕРІ ДАМЫП КЕЛЕДІ

berdaly_oraz

Арыс қаласының әкімі халықаралық және республикалық жарыстарда топ жарған жергілікті спортшылармен кездесіп,құттықтады

berdaly_oraz