МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Дереккөз, фото: Түркістан тбл әкімдігі

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жолдады.

Президент өз құттықтауында Құрбан айттың халқымыздың рухани өміріндегі маңызына тоқталып, бұл мерекенің мейірімділік, қайырымдылық, өзара құрмет пен жанашырлық секілді асыл құндылықтарды дәріптейтінін атап өтті.

Мемлекет басшысы Құрбан айт күндері адамдардың бір-біріне қолдау көрсетіп, үлкенге құрмет, кішіге ізет танытуы мен ел болашағына жауапкершілікпен қарауы ерекше мәнге ие екенін жеткізді. Сондай-ақ ислам дінінің адамгершілік пен әділдікке негізделген тағылымы қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайтуға ықпал ететінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде еліміздегі тұрақтылық пен бірліктің маңызын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау, ел тұтастығын нығайту – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі.

Президент қазіргі күрделі кезеңде ел ішіндегі тыныштық пен ынтымақты сақтау әр азаматтың ортақ міндеті екенін айтып, бұл Әділетті Қазақстанды құру жолындағы маңызды құндылықтардың бірі екенін жеткізді.

Құттықтау соңында Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарға зор денсаулық, бақ-береке тілеп, Құрбан айт мерекесінің қабыл болуын тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

«Әкемді бір рет көру – арманым»: Ақтаулық қыз Монтайтастан 27 жылдан бері хабарсыз кеткен әкесін іздейді

berdaly_oraz

1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы 30%-ға дейін арзандайды

berdaly_oraz

Мектеп емтихандарының мерзімі Құрбан айт мерекесіне байланысты өзгеруі мүмкін

berdaly_oraz