Қасым-Жомарт Кемелұлы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты. Жиынға Александр Лукашенко, Садыр Жапаров, Владимир Путин, Армения вице-премьері Мгер Григорян және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Мемлекет басшысы 29 мамырдың тарихи мәніне тоқталып, дәл осы күні 2014 жылы Астанада Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылғанын атап өтті. Президенттің айтуынша, ЕАЭО құрылған сәттен бастап еуразиялық «бестіктің» негізгі ынтымақтастық алаңына айналған.

Отырыста сыртқы сауда, цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту бастамалары талқыланды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО елдері арасындағы өзара сауда көлемі артып келе жатқанын айтып, өткен жылы тауар айналымы 95 миллиард доллардан асқанын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан күнбағыс майының үздік экспорттаушылары қатарына енді

berdaly_oraz

2026 жылы өңірлерде көкөніс пен жүгері алқаптары кеңейтіледі

berdaly_oraz

Іздеу саламыз!: «Тақыркөлде» жоғалған Аиданың тағдыры әлі де беймәлім

berdaly_oraz