Доллар неге күрт қымбаттады?

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) соңғы сауда-саттықта АҚШ долларының бағамы 7,4 теңгеге бірден өсіп, 485 теңгеге жетті. Сарапшылар мұны сыртқы нарықтағы өзгерістерден гөрі, ел ішіндегі экономикалық үдерістермен байланыстырып отыр.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мәліметінше, шетел валютасына сұраныстың артуына бірнеше фактор әсер еткен. Атап айтқанда, қазақстандық компаниялар импорттық келісімшарттар бойынша төлемдер жүргізіп, сыртқы қарыздарын өтеуге кіріскен. Сонымен қатар, шетелдік инвесторлар өткен жылғы табыстары бойынша теңгемен алған дивидендтерін долларға айырбастап жатыр.

Сарапшылардың айтуынша, халық арасында да доллар сатып алуға деген сұраныс өскен. Бұған жазғы демалыс маусымының басталуы себеп болып отыр. Шетелге сапарлауды жоспарлаған азаматтар алдын ала валюта сатып алуға көшкен.

Мамандар қазіргі жағдайды нарықтағы уақытша құбылыс ретінде бағалап, алдағы уақытта сұраныс пен ұсыныс теңгеріміне қарай доллар бағамының өзгеруі мүмкін екенін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

«Туған күн тойлап,мәз-мейрам» Алматы облысында 16 жастағы Шерзатты өлтірді деген күдікке ілінгендердің тергеу изоляторында дастархан жазған видеосы желіде тарады

berdaly_oraz

Жұлдыздар жарнамалаған курс дау ортасында: 300-ге жуық адам алданғанын айтады

Redaktor Arysinfo

Тоқаев Путин мен Трамптың Украина бойынша келіссөзін қолдады

berdaly_oraz