ForteBank Түркістанда заманауи қаржы орталығын ашады

Түркістан қаласында «ForteBank» АҚ-ның жаңа заманауи филиалы бой көтереді. Бұл мәселе Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің банк басқармасының төрағасы Талғат Қуанышевпен және филиал директоры Зәмзагүл Азатовамен кездесуінде талқыланды.

Облыс әкімі Түркістанның тек рухани-мәдени орталық қана емес, сонымен қатар іскерлік белсенділігі жоғары өңірге айналып келе жатқанын атап өтіп, инвесторлардың бастамасына қолдау білдірді. Оның айтуынша, жаңа нысан қала сәулетіне үйлесіп, халыққа сапалы қызмет көрсететін заманауи орталық болмақ.

– Бүгінде Түркістан қаласы қарқынды дамып, мұнда іскерлік белсенділік артып келеді. Осы орайда, тұрғындар мен кәсіпкерлерге көрсетілетін қаржылық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру өте маңызды. Біз өңір экономикасына инвестиция құйып, заманауи инфрақұрылым қалыптастыруға ниетті кәсіпкерлердің бастамаларын әрқашан қолдаймыз. Жаңа ғимарат қаланың сәулеттік стиліне үйлесіп, халыққа жайлы қызмет көрсету орталығына айналады деп сенемін, – деді Нұралхан Оралбайұлы. 

Жобаға сәйкес, банк филиалы екі немесе үш қабатты кешен ретінде салынады. Ғимарат маңында келушілерге арналған кең автотұрақ қарастырылады.

Банк басшылығы құрылыс жұмыстарын жақын арада бастап, нысанды 7-8 ай ішінде пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар алдағы уақытта облыстың өзге аудандарында да жаңа филиалдар ашу көзделген.

Жаңа филиалдың іске қосылуы өңірдегі шағын және орта бизнесті қолдауға, жаңа жұмыс орындарын құруға және цифрлық банктік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

ТАСТЫДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ТОЙ – ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ, БІРЛІККЕ ҰЙЫТҚЫ

berdaly_oraz

ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ: ТҮРКІСТАНДА ОҚЫРМАНДАРҒА 120 КІТАП ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ

Үш облыста ауа райына байланысты жолдар жабылды

berdaly_oraz