70 литр жүк көтеретін агродрондар енді Түркістанда өндіріледі

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласына арналған ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) құрастыратын жаңа өндіріс орны жұмысын бастады.

Жаңа кәсіпорында шығарылатын агродрондар егіс алқаптарын дәрілеу және тыңайтқыш шашу жұмыстарына арналған. Мамандардың мәліметінше, бір дрон 70 литрге дейін арнайы сұйықтық көтеріп, бір рейсте 5 гектарға дейінгі жерді өңдей алады.

Өңірде агродрондарды қолдану ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жұмысын жеңілдетіп, шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар егістік алқаптарын өңдеу сапасы артып, еңбек өнімділігі де жоғарылайды.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, заманауи технологияларды енгізу агроөнеркәсіп кешенін цифрландыруға және ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыруға жол ашады.

Ұқсас жаңалықтар

Ерұлан Жамаубаев Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ БЕЛСЕНДІ ТҮРДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Redaktor Arysinfo

Кибералаяқтық бақылауда: полиция форумы 1000-нан астам адамды жинады