Түркістан облысында Сауран аудандық полиция қызметкерлері пәтер ұрлығына күдікті ер адамды ұстады

Ол көршілерінің үйде жоқ екенін біліп, түнде терезені бұзып кірген. Үйден 190 мың теңгелік теледидар мен 700 мың теңгеге жуық ақшаны алып, кейін ұрланған затты сатып жіберген. Жәбірленушіге 900 мың теңге көлемінде шығын келген.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Полицейлер оның басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.

 

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН 20 МЫҢНАН АСА АДАМ ӘКІМШІЛІК ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ

berdaly_oraz

«Ақ тізім- заңды,сатып алынған.Қара-ұрланған» 2025 жылдың 24 наурызынан бастап елімізде смартфондарды тіркеу жүйесі енгізіледі

berdaly_oraz

Түркістан облысында әлеуметтік-мәдени жобаларды жүзеге асырудың жаңа тетіктері талқыланды

berdaly_oraz